Аймақтар • 05 Шілде, 2020

Атырауда өңірлік жедел штаб құрылды

1065 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыс əкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жұмысын бастады, - деп жазады Egemen.kz

Атырауда өңірлік  жедел штаб құрылды

"Жедел штабтың жұмыс орны болып Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы жəне азаматтық қорғау басқармасы белгіленсін. Осы өкімнің орындалуын бақылау жəне жедел штаб жұмысын қадағалау Атырау облысы əкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевқа жүктелсін", - делінген әкімнің  өкімінде.

Өңірлік жедел  штаб құрамына облыс əкімі аппараты басшысының орынбасары, облыс əкімінің əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі көмекшісі, облыс əкімінің кеңесшісі, прокуратура, полиция департаменті, жергілікті басқармалар мен басқа да  жауапты мамандар карантиндік іс-шараларды қамтамасыз ету үшін енгізілді.