Аймақтар • 05 Шілде, 2020

Атырауда бір күнде 2 адам суға батты

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында тұратын екі тұрғынның  4 шілдеде Сағыз өзеніне барған сапары қайғылы оқиғаға ұласты, - деп жазады Egemen.kz

Атырауда бір күнде  2 адам суға батты

"Мұқыр ауылының 1985 және 2005 жылғы  тұрғындары Сағыз өзеніне шомылуға барған. Алайда, олар өзеннің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылып, суға кеткен.  Бүгін, 5 шілдеде сағат 00:30 шамасында Қызылқоға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар суға кеткендердің денесін тауып, өзеннен  шығарды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент қызметкерлерінің сөзінше, осындай қайғылы оқиға қауіпсіздік шараларын сақтамаудан болып отыр. Өйткені, тұрғындар көбінесе арнайы жабдықталмаған жерде жиі  шомылады.