Елорда • 06 Шілде, 2020

Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар
Қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтаған агенттік төрағасы 23 жыл ішінде ел астанасы заманауи, қарқынды дамып келе жатқан, қайталанбас келбеті мен архитектуралық стилі бар қалаға айналғанын,  Нұр-Сұлтан халықаралық деңгейде танымал Қазақстанның басты көрікті шаһары болғанын, бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан зор еңбегінің нәтижесі екенін айтты. 

"Қазақстан тарихында елорда атауы мен Елбасының есімі егіз ұғым. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев елорданы ел орталығына ауыстыру туралы тарихи шешім қабылдағаны белгілі. Ел астанасы - Қазақстан мемлекеттілігінің басты рәміздерінің бірі, бүкіл әлемге танымал бренд және мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылнамасының ең жарқын бөлімі", - деді А.Жайылғанова. 
 
Сондай-ақ, ол Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумдары өткізілді. Сондай-ақ бұл қалада Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеу бойынша келіссөздер жүргізілді, ел астанасы барлық мүдделі елдердің өкілдерін жинаған маңызды келіссөздер алаңына айналды.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда ел мен оның азаматтарының игілігі жолында орталық және жергілікті атқарушы органдарда 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметшілер еңбек етуде. Әрине, мемлекеттік қызметшілердің Отанымыздың елордасында қызмет ететіндіктерін ұғынуы олар үшін кәсіби өсуге қосымша ынта беретіні жасырын емес, - деп барша қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады.