Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі оң шешіліп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бірнеше күн бұрын облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов дәрі тапшылығы мәселесін жедел түрде шешуге қатысты тиісті тапсырма берген болатын. Соған сай, Алматыдан қажетті дәрі-дәрмектерді шұғыл түрде жеткізуді қамтамасыз еттік. Дәрілер дәріханаларға бұрынғы бағасымен беріледі. Ал, дәріханалардың бағаны қымбаттатпау қатаң қадағаланады", -деді облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов.
"INKAR" ЖШС Атырау филиалының директоры Светлана Липатованың айтуына қарағанда, дәрі-дәрмектің 430 түрі әкелінген. Оның 50-ге жуығы – антибиотиктер, азитромицин, цефазолин, цефтриаксон және инъекцияға арналған лидокаин ерітіндісі сынды препараттар.
"Аса қажетті дәрі-дәрмектердің Алматы қаласынан жылдам жеткізілуіне қала әкімдігі логистика жағынан қолдау көрсетті. Әйтпесе, теміржолмен жеткізілер болса, жолда көп уақыт жоғалтар еді. Әкелінген дәрілік өнімдер облыс орталығынан өзге аудандарға да жеткізіледі. Бұл партия облыстың сұранысын қамтамасыз етеді",- дейді Светлана Липатова.
Атырау облысының әкімдігі дәрі-дәрмектерді барлық дәріханаға жеткізуді ұйымдастырып, бақылауында ұстағалы отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта препараттардың бағасының белгіленген мөлшерден аспауын қадағалайды. Дәрі-дәрмектің әр адамға тиесілі мөлшерден артық сатылмауы үшін облыс әкімдігі мен Атырау облысы фармацевтика саласында еңбек ететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қауымдастығы – "ФармҚауымдастық" қоғамдық бірлестігі және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арасында арнайы меморандумға қол қойылмақ.
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар