Баршаға мәлім, елдегі эпидемиялық жағдайдың ушығуына және COVID-19 вирусымен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу Мемлекеттік комиссияның шешімімен елде 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге созылатын бірқатар шектеу енгізілді. Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Эпидемиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты шектеу шаралары тағы да 2 аптаға созылуы немесе күшейтілуі мүмкін.
Осыған орай OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты 14 күнге тоқтатылды. Егер эпидемиялық жағдай ушығып жатса, аталған үзіліс созылуы мүмкін.