Әлем • 07 Шілде, 2020

Украинада 5G-ге қарсы қол жиналуда

752 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел тұрғындары "5G денсаулыққа зиян" деген дүрмекке еріп, петицияға қол жинап жатыр. Қазіргі таңда 25 мыңнан астам қол қойылған. Қажет қол саны 25 мың болғандықтан аз уақытта ол межеге оңай жеткен. Петиция президент сайтында орналасқан.

Украинада 5G-ге қарсы қол жиналуда

Құжаттың бастамашылары мен жақтаушылары байланыстың бесінші буыны COVID-19 коронавирусын таратып, адам денсаулығына зиянын тигізеді деп есептейді. Бірақ бұл пайымдаманың ғылыми негіздемесі болмай тұр.

Бұдан бұрын Британия мен Нидерланд елдерінде коронавирус таратады деген қорқыныштан жергілікті халық 5G стансаларын өртеп жіберген. Ал, Перуда жаңа станса орнатады деп қорыққандар 4G мұнарасын тексеруге келген техник мамандарды ұрлап әкеткен. Осылайша, әлемде технология дамығанмен халық арасында қорқыныш та көбейе түсуде.