Министр қабылдау бөлімшесінің, жағдайы ауыр пациенттерге арналған реанимация бөлімшесінің және инфекциялық бөлімшенің, 103 диспетчерлік қызметі мен мобильді әмбебап бригаданың жұмысымен танысты.
⠀
Қазір № 2 облыстық ауруханада COVID-19 коронавирус инфекциясына шалдыққан пациенттерге арналған 180 инфекциялық төсек бар. 162 науқас ем алуда, төсек-орынның 90% бос емес. Ауруханадағы 100 орын оттекті консольмен қамтамасыз етілген, 12 ӨЖЖ аппараты бар.
⠀
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Қабдықапаров қосымша 90 төсектік инфекциялық стационар салу жоспарланып отырғанын айтты. Демеушілер тағы 30 ӨЖЖ және 100 оксигенация аппаратын сатып алып бермек. Бұдан басқа, Құрманғазы ауданында компьютерлік томография аппараты алынады.
⠀
"Орталықтандырылған оттегі жүйесі жоқ жерлерге оттегі концентраторын орнату керек. Егер оттегісіз жұмыс істейтін концентраттар болса, оны сатып алу қажет. Мұндай аппараттарды бірінші кезекте мұқтаж стационарларға жіберіңіздер", - деді министр.
⠀
Кезек облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына келгенде Алексей Цой 103 диспетчерлік қызметімен, жедел жәрдем қоңырауын қабылдау, пациенттердің жағдайының ауырлығына байланысты қоңырауларды сұрыптау жұмысымен танысты. Бүгінде 42 жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетеді, тәулігіне шамамен 1 100-1 200 шақыру қабылдайды, жүктеме екі есе артты.
⠀
Министр мобильді әмбебап бригаданың жұмысын күшейтуді, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында дәрілік заттарды уақытылы жеткізуді, сонымен қатар, инфекциялық стационарлардан шыққан науқастардың амбулаториялық еміне ерекше назар аударуды тапсырды.
⠀
Мобильді бригада бір тәулікте 35 қоңырауға қызмет көрсетеді, мамандар респираторлық ауру бойынша шақырғандардан ПТР-тест көмегімен COVID-19 анализ алады, пациентті қарап, сатурациясын өлшейді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Атырау облысындағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды бағалау үшін №2 облыстық аурухана мен облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын онлайн режимде аралады. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше