Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Дәрі-дәрмек: үшжақты меморандуға қол қойылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан территориясында тіркелген дәрі-дәрмектердің бағасы реттеліп, шектеулі бағалары бекітілген. Дәрілік заттардың бағаларын, ақпаратты тексеруге арналған Дәрі-KZ мобильді қосымшасынан білуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрі-дәрмек: үшжақты меморандуға қол қойылды

Дәрі-дәрмектердің бөлшек сатуымен айналысатын ұйымдар шектеулі бағадан асырмай сатуы тиіс. Алайда, дәрі-дәрмектер тапшылығын пайдаланып бағаны шарықтатып отырған кәсіпкерлер де жоқ емес. Бекітілген ереже сақталмаған жағдайда, яғни дәрі бағасы заңсыз көтерілгені анықталса, ұйым, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Облыс әкімдігі жанында құрылған КОЛЛ-орталығына 30-11-77 номеріне хабарласуға болады.

Департамент мамандары заңға сәйкес дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағаларын телефон арқылы бақылап отырады. Әсіресе рецепт арқылы босатылатын дәрілер қатаң қадағалауда болады.

30 маусымда Маңғыстау облысы Әкімшілігі, Маңғыстау облысы провизорлар мен фармацевтер қауымдастығы және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі арасындағы дәрілік заттарға қажеттіліктің өсуіне қатысты мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы меморандуға қол қойылды. Дәріханаларда бір адамға берілетін дәрі-дәрмектердің көлемін шектеу мақсатында Маңғыстау облысындағы дәріханаларға Департамент мамандары телефон арқылы хабарласып, ескертілуде. Дәрі-дәрмек тапшылығын тұрақтандыру мақсатында төтенше жағдайлардың салдарынан өлкемізге дәрілік заттар бір реттік кіргізу үшін келісімдер жүргізілуде.