Дәрі-дәрмектердің жалпы құны 6 млн теңгені құрады Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Тәртіп сақшылары жалпы 4,7 мың дәрі таблеткасын, 2 мыңнан астам флакон мен 400 капсула, 80 градусник, 26 мыңнан астам маска мен 3,5 мың медициналық киім түрлерін (халаттар, қолғаптар, бас киімдер, көзілдіріктер және т.б.) тәркіледі. Жүргізілген есеп бойынша, тәркіленген заттардың жалпы сомасы 6 млн теңгеден асады.
6 шілде күні жедел-профилактикалық шара барысында Қошқарбаев көшесінде "Тойота Камри" автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі ұсталды. Оның жүк салғышынан "Цефтриаксон", "Цефазолин", "Суламед", "Азитромицин", "Ингаверин", "Эуфиллин", "Ледокаин" және т.б. медициналық препараттардың ірі партиясы табылды.
Айыптталушы азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екі рет сотты болғаны анықталды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері сауда орталығы тұрағында қажетті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектерді сатпақшы болған 30 жасар әйелді ұстады. Бұдан басқа, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында бақылау кезінде "Ледокаин", "Эргоферон", "Парацетамол", "Цефазолин", "Калетра" және т.б. тапшы дәрілік препараттарды сатқаны үшін 40 жастағы әйел ұсталды.
Сонымен қатар қалалық дәріханаларға тексеру жүргізіліп, бірқатар дәрі-дәрмектердің бағасы көтерілгені анықталды. Нұр-Сұлтан полициясы азаматтардан дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталған жағдайда, жақын жердегі бөлімшеге немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар