Білім • 07 Шілде, 2020

Құқықтану кафедрасы – оқу жылының үздігі

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қойылған маңызды міндеттерді жүзеге асыруда оқу орнының қызметін индикативті жоспарлаудың және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесін енгізген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқықтану кафедрасы – оқу жылының үздігі

Осы жүйе негізінде институттардың, кафедралардың, профессор-оқытушылар құрамының жыл сайынғы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және халықаралық байланыс жұмыстарының көрсеткіштері анықталып, қорытындыланады.

2019-2020 оқу жылындағы индикативті жоспарлаудың және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесінің қорытындысы бойынша Тарих және құқық институты рейтингтің ең жоғарғы көрсеткішін көрсетсе, құқықтану кафедрасы университеттегі 62 кафедраны басып озып, 1-ші орынды иеленді.

1

Профессор-оқытушылар құрамының арасында топ бастап тұрған құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Бурибаев Ермек болса, екінші орында аталған кафедраның профессоры, заң ғылымдарының докторы Хамзина Жанна болды.

Аталған көрсеткіш кафедраның жыл бойы үлкен ұйымшылдықпен, жауапкершілікпен, қызығушылықпен жасалған жұмыстардың нәтижесі деп саналады.