Медицина • 07 Шілде, 2020

Атырауда бас дәрігер палаталардың бос тұрғанын жоққа шығарды

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы №2 облыстық аурухананың инфекциялық стационарынан шыққан жергілікті тұрғынның бірі Вадим Барташевич палаталарды басқа науқастарға дайындау  сәтін  бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген екен.

Атырауда бас дәрігер палаталардың бос тұрғанын жоққа шығарды

"№2 облыстық ауруханада бос орындар бар. Адамдар ауруханаға жатып емделіп, арнайы аппарат арқылы дем алуды қажет етеді. Бірақ, бұл жерде оларға көмек көрсететін маман тапшы", - деп  жазған ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал, №2 облыстық  аурухананың бас дәрігері Мағжан Сиджановтың айтуынша, емделіп шыққан азамат жағдайы жақсарып, амбулаторлық емдеуге ауыстырылған емделушілердің палатасын ұялы телефонының камерасына түсіріп алыпты.

"Бұл жерде дезинфекциялық және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқан еді. Қазіргі таңда аталған 30 палатаға "коронавирустық инфекция" диагнозы расталған  науқастар жатқызылуда. Аурухана штаттық режимде жұмыс істейді. Медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі байқалмайды", - дейді Мағжан Ситжанов.

Бас дәрігердің айтуынша,  №2 облыстық аурухананың жұқпалы аурулар стационарында барлығы 162 адам ем қабылдап жатыр.