Қазақстанда ұлттық парктерді қолдау қоры құрылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Қорды құрудағы негізгі мақсат – өркениетті экотуризмді дамытуға бағытталған жобаларды қолдау, еліміздегі ұлттық парктерді сақтауға қоғам белсенділерін жұмылдыру.

Бұл қордың құрылуына бастаманы алматылық экобелсенді Сергей Спицын көтерген. Ол табиғат жанашырларымен бірге 7-8 жылдың көлемінде Іле Алатауы ұлттық паркі мен Алматы хайуанаттар бағында бірнеше әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді. Осы аймақты жастайынан жетік білетін экобелсенді үш емдік су қайнарын көркейтіп, Алматының маңындағы, атап айтқанда, Горельник пен Алма-Арасан шатқалындағы көпірді реттеумен бірге хайуанаттар бағында гималайлық және тяньшандық аюларға, сондай-ақ амурлық жолбарысқа арналған қаумалды орнатуға күш салды. Меценаттың айтуынша, осындай жобалар ұлттық парктерді қолдау қорын құру идеясына алып келген.
«Әлбетте осындай жобаларды жеке өзіме жалғастыра беруге еш қиындық жоқ. Бірақ ұлттық парктер мен тауларымыз бұдан да ауқымды қамқорлыққа мұқтаж. Сәйкесінше үлкен қаражат қажет. Қазір Іле Алатауы ұлттық паркіндегі экотуризмді дамытуға арналған ауқымды бастаманы «Turanga Group» компаниясымен бірлесіп іске асырып жатырмыз. Үлкен Алматы шатқалында өркениетті демалуға жағдай жасалмаған. Тіпті қоқыс тастайтын орын жоқ. Біздің міндетіміз – қоқысты бөліп жинайтын жерлерді белгілеу ғана емес, әлемдік тәжірибенің негізінде жүйелі ойластырылған әдіспен таулы жерлерде заманауи демалыс ұйымдастыру. Айталық Үлкен Алматы шатқалында жол жиегіндегі автокөлік тұрақтарына шағын «қалталар» орнатуды жоспарлап отырмыз. Осындай жұмыс «Аюсай» шатқалында іске асырылды. Оның баламасын Еуропадан көрген едік. Бүгінде халық орманның ішіне көлікпен кіріп жатыр. Көліктер жол жиегінде қалғаны дұрыс деп есептейміз. Ашық алаңқайларға табиғаттағы серуенге арналған шағын үстелдер, шағын мангалдар орнатқымыз келеді. Оның бәрі нөмірленіп, тұрғындар мен туристерге бұрынғыдай тегін болып қалады. Бұл ұлттық парктегі туризмді жақсартуға, өркениетті демалысқа жағдай жасайды», дейді С.Спицын.
Қоғам белсендісі инвесторлармен бірігіп, жақын жылдары қоғамның ұлттық парктерге қатысты көзқарасын түбегейлі өзгертуді көздейтінін айтады. Қанатқақты жобаны іске асыру арқылы бастамашыл топ мемлекетпен бірлесіп, қоршаған ортаны сақтаудан бөлек экотуризмді дамытудың ауқымды жобаларын жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.
«Болашақта барлық салынған қаражаттың есебін беруге дайынбыз. Белгілі блогерлер мен экобелсенділерді қорды бақылау кеңесіне кіруге шақырамыз. Шет мемлекеттердегі ұлттық парктерде болғанда, демалу мәдениетінің қаншалықты жоғары деңгейде екенін байқадым. Біздің ел де олардан кем емес», деді алматылық азамат.
Биыл Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы ұлттық парктерде экотуризмді дамыту жобасын іске асыруды бастады. Осыған байланысты тендерге алғашқы болып Іле Алатау паркі қойылды. Салалық министрліктің ақпаратына сәйкес, аталған парктегі экотуризмді дамыту бойынша байқауды Александр Гужавин басқаратын «Turanga Group» компаниясы жеңіп алды. Ол 4 жыл ішінде бұл жобаға 12 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде, осы аумақта тегін әжетхана, жаяу жүргіншілерге арналған жайлы жолдар, парктегі әдепті ұстануға байланысты толық ақпаратпен қамтитын туристердің сапарлау орталығын салу сынды жағдай қарастырылмақ.
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Бүгін, 06:55
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Аймақтар • Бүгін, 06:48
Спорт • Бүгін, 06:47
Спорт • Бүгін, 06:46
Спорт • Бүгін, 06:44
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 06:43
Әдебиет • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:36
Руханият • Бүгін, 06:34
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар