Күні кеше отандасымыздың жекпе-жек алдында октагонға қандай әуенмен шығатыны белгілі болды. Жұмағұлов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы айқасқа «Көңіл толқыны» күйімен шығатынын мәлімдеді. Осыдан екі-үш күн бұрын қандасымыз жарыс өтетін БАӘ-ге барып, вирусқа тест тапсырды. Нәтижесі теріс шыққан соң жаттығуға кірісті.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов аталған жекпе-жек кешінде бразилиялық Раулион Паивамен жұдырықтасады. Паива бүгінге дейін UFC-де үш кездесу өткізіп, біреуінде жеңіске жетсе, екеуінде жеңіліп қалған.