"Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй көлемі үш есе артады. Кезекте тұрған сегіз мың пәтер беріледі. Әлеуметтік жағынан осал топтағы, аз қамтылған қала тұрғындары, жетім балалар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, зейнеткерлер, көпбалалы және т.б. жандар пәтерге ие бола алады. Карантин кезінде құрылысшылармен онлайн-кеңестер өткіземіз, жұмыс уақыты қадағаланады, әрқайсысымен жеке жұмыс істейміз. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз. Тұрғын үй кезегін барынша жеделдетуге тырысамыз.
Сонымен қатар биыл коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, полиция қызметкерлері пәтер алады. Сондай-ақ биыл алдағы жылға дайындық жүргізілуде", – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Биыл ұзаққа созылған құрылыс себебінен жылдар бойы күтуге мәжбүр болған 8 мың үлескер өз пәтерлерін алады.