Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Қарағандыда дәріні удай бағаға сатқан алыпсатар ұсталды

701 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дәрі-дәрмекті заңсыз және қымбат бағаға сатқан тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда дәріні удай бағаға сатқан алыпсатар ұсталды

Келіп түскен ақпарат бойынша шұғыл іске кіріскен жедел уәкілдер алыптастарлықпен айналысып жүрген ер адамнан 110 мың теңгеге дәрі-дәрмек "сатып алған". Кейін белгілі болғандай, алыптасар  42 дана ЦЕФ-III дәрісінің бір ампуласын 1 800 теңгеден, бес орама "Зитмак 500" препаратының бір қорабын 4 300 теңгеден, тоғыз орама лидокаиннің бір қорабын 1 000 теңгеден өткізген.

Бұдан бөлек, қолға түскен күдіктінің автокөлігінен 67 дана ЦЕФ-ІІІ дәрісі табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша дәрі-дәрмекті сатып алуға және қайта сатуға қатысы бар барлық адамдарды анықтау мақсатында тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салар болсақ, кеше жергілікті Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте облыс әкімі Жеңіс Қасымбек дәрі-дәрмектің бағасын өсіріп сататындардың заң бойынша қатаң жазаланатынын мәлімдеген болатын.

 

 

Қарағанды облысы