Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтандағы ахуалдық орталық қалай жұмыс істейді?

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда ахуалдық және байланыс орталықтары жұмыс істейді, олар арқылы қызметкерлер КВИ анықталған науқастарды стационарларға бөледі. Осылайша, жақында құрылған ахуалдық орталық емханалардағы науқастармен жұмыс істейді. 23 маусымнан бастап 750 науқасты стационар бойынша бөлді, байланыс орталығы жедел жәрдем станциясымен тікелей жұмыс істейді (тел.705103). Күн сайын шамамен 500 өтініш қабылдайды. Бұл орталықтар жедел жәрдем станциясы жүктемесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Нұр-Сұлтандағы ахуалдық орталық қалай жұмыс істейді?

"Сонымен қатар жедел медициналық көмек станциясының телеграм-боты (@ns103bot) іске қосылды. Телеграм чат-бот 24 маусымнан бері 1800 өтініш қабылдады. Кері байланысты күшейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатырмыз", – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ Damumed мобильді қосымшасы іске қосылды. Ол арқылы онлайн-қабылдауға жазылуға және бейнеқоңырау форматында тегін кеңес алуға болады. Қабылдау туралы ақпарат дәрігердің медициналық жазбасында сақталады.

БМСК 31 ұйымы елорда тұрғындары үшін тегін бейне-кеңестер беретін болады. 19 ұйым қосымша қосылды. Телемедицина құралдары арқылы науқастарды бақылау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұдан бөлек, коронавирус және оған қатысты қабылданған шаралар туралы барлық ресми ақпарат covid19.astana.kz порталында жарияланады.