Елорда • 08 Шілде, 2020

Елордада 8 мың жер үйге көгілдір отын беріледі

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер үйде тұратын елордалық отбасылар түгел көгілдір отынмен қамтылатын күн жақын. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz. 

Елордада 8 мың жер үйге көгілдір отын беріледі

Газдандыру жобасының бірінші кезеңінде-ақ ауаға таралатын 40 мың тонна зиянды зат жойылады. Көктал 1, Көктал 2, Агроқалашық, Промышленный, Железнодорожный және оңтүстік-шығыс ауданына жылыту маусымына дейін газ жүргізіледі, - деді Көлгінов. 

Ал екінші кезеңде Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар, Тельман, Пригородный, Garden Village және Family Village тұрғын үй алаптарына газ тартылады. Сосын қалаға іргелес жатқан Қараөткел және Шұбар, Өндіріс аудандары көгілдір отынмен қамтылады.

Бұл аумақтағы жұмыстар үш жылға жоспарланған. Тұрғындардан талап етілетіні газ желілеріне қосылатын пеш орнатып қою. Ал есептегіш құрал тегін орнатылуы мүмкін.