Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Атырауда қарасора өсірген тұрғын ұсталды

649 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Естен тандырар   есірткінің уыты бар өсімдікті  өсірген тұрғын бармағын тістеп  отыр. Облыстық  полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оның бұл әрекеті  "Қарасора –2020"   жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде  анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда қарасора өсірген тұрғын ұсталды

"Атырау қаласының маңындағы Химиктер поселкесінің тұрғыны  үйінің ауласында  құрамында есірткі заттары бар  қарасораның 4 түбі табылды.  Полиция қызметкерлері оның ауласынан  есірткі шөбін тәркіледі. Қазір аталған дерекке қатысты  ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде" - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өңір полицейлері аталған іс-шара басталғалы бері ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бабы (Есірткі заттарын  сату),  296-бабының 2 бөлімі (Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және  300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша  10-нан астам деректі тіркеді. Қазір  тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.