12 Қазан, 2013

Сирия әскері Дамаск түбіндегі ауылдарды содырлардан тазартты

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 10-Siriya askeriСирия әскері екі сағат бойы үзіліссіз ауқымды операция жүргізіп, Дамаск түбіндегі Аль-Хусейния мен Ад-Диябия ауылдарын содырлардан толық тазартты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Ад-Диябия ауылында әскерилер орталық алаңнан жергілікті медресеге дейін қазылған жер асты жолына тап болды. Оның ішінен танкіге қарсы қолданылатын миналар сақталған қойма табылды. Сонымен қатар, әскерилер ол жерден Түркияда жасалып шығарылған ұялы телефондар, Иордания мемлекетінің төлқұжаттары, Палестинаның жеке куәліктері мен спутниктік құрал-жабдықтарын тәркіледі.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25