12 Қазан, 2013

«Мирзо театры»-2013

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

12-10-12-teatr mirzo holmedova

Өзбектер - әуел бастан ойынпаз, қалжыңбас, сауыққой халық. Олардың халық алдына шығып өнер көрсететін даршылары мен масқаробоздары кешегі кеңестік кезеңнен де көп бұрын пайда болған. Оларда Орта Азия халықтарының басқа өкілдеріне қарағанда, жұртқа тамаша қойып, ойын-сауық көрсететін театрлар мен көркемөнерпаздар ұжымдары да әлдеқайда бұрын шыққан. Өзбектер дар құрып, керней тартып, кепшік қағып, той мен мерекенің салтанатын асқақтатуда ешкімді алдына салмаған.

Қазіргі Өзбекстанда да кәсіби деңгейлері өте жоғары бірнеше ойын-сауық театры бар. Тамашаларда әския айтып, жұртты күлдіруге жақсы машықтанған өзбек ойын-сауық отауларының әртістері арасында кәсібиліктің бір биігі – монолог оқуға шебер өнер жұлдыздары аз емес. Солардың бірі – «Мирзо театрының» құрылып, жұмыс жасай бастағанына жиырма жылдан асып кетіпті. Оның жетекшісі Мирзобек Холмедов 1961 жылы 13 желтоқсанда туған. Өзбекстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Өзбек эстрадасының масқарабозы, сатирик, актер. Ол актер ретінде де бірнеше фильмге түсіп қойған. Олардың арасында «Алиф-Лейла» (1992, Өзбекстан-Үндістан), «Достар» (2005, Өзбекстан), «Достар-2» (2008, Өзбекстан), «Бекорчилар» (2010, «Арамтамақтар», Ресей-Өзбекстан) секілді картиналар бар.

Біз енді «Мирзо театрының» биылғы жылғы бір концертін назарларыңызға ұсынамыз. Тамаша, әлбетте, өзбек тілінде жүреді. Бірақ оған ықылас қойып, тыңдаған адам әңгіменің не туралы болып отырғанын ұғына алады. Ең бастысы, бұларда өзбек тамашашыларының кәсіби деңгейі жоғары екенін анық байқауға болады. Бір жағы, өз сықақ театрларымыздың өнерлерімен салыстырып та қарауға мүмкіндік бар.

Сонымен, іске сәт!


{youtube}fZ8wmJQjUlw{/youtube}

Соңғы жаңалықтар