Аймақтар • 09 Шілде, 2020

Мобильдік топтар жұмысы жүйелі

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эпидемиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты Қызылорда қаласында "Жедел жәрдем" қызметінен бөлек мобильдік топтар жұмыс істейді. Бұл бастама емхана жұмысын едәуір жеңілдетіп, дәрігерлік көмектің тиімділігн арттырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Мобильдік топтар жұмысы жүйелі

№ 6 қалалық емхана 65 214 тұрғынға қызмет көрсетеді. Медициналық нысанға қарасты аумақ аймақтарға бөлініп, наурыз айынан бастап 4 мобильді топ бекітілген. Ал емханада арнайы құрылған Call орталықта 4 оператор шақыртуларды қабылдап, жауапты мобильдік топ дәрігеріне науқастың мекен-жайы мен жағдайын хабарлайды. Дәл қазіргі уақытта Call орталыққа күніне 200-220 шақырту түсіп, әр дәрігер кем дегенде 50-ден астам пациентке көмек көрсетеді.

"Шақыртулардың 90 проценті салқын тию, дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтелге байланысты болып отыр. Дәрігерлер пациенттің үйіне барысымен дене қызуын өлшеп, тамағын қарап, өкпесін тыңдайды. Егер науқастың жағдайы ауыр болса, кезекші ауруханаға тасымалдайды. Арнайы мониторинг барысында пациенттердің 70 процентіне ЖРВИ, 20 процентіне пневмония диагнозы қойылатыны анықталды. Айта кету керек, пневмониямен ауырған сырқаттарға дәрі-дәрмек тегін берілуде және науқастар үй жағдайындағы күндізгі стационарда емделуде. Дәрі-дәрмек жеткілікті", – деді бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Жалғасбаева.