Бұл туралы билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Құрметті достар! Осынау күрделі кезеңде өз жақындары мен туыстарынан айрылған барша жанға қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Өкінішке қарай, әлемнің көптеген елдерімен қатар Қазақстан да COVID-19 ауруы жылдам таралып отырған мемлекеттер тізіміне енді.
Қалыптасқан ахуалды ескеріп, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес шараларын күшейту туралы мәлімдеді. Олардың қатарында лабораторияларды жете жарақтандыру, төсек-орындар мен ПЦР-тесттер санын арттыру шаралары қамтылған. Осы қиын жағдайды пайдаланып, пайдаға кенеліп қалғысы келетіндерге қатысты қатаң шаралар қабылданады. Бұл осындай күрделі кезең ішінде ел арасында үрей туғызып, әлеуметтік алауыздықты қоздырушыларға қатысты болмақ.
Жалпы, дәрі-дәрмек, Өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға және басқа да шұғыл шараларға кемінде 150 млрд. теңге бағытталады. Ендігі мәселе – осы шаралардың атқарушы органдар тарапынан орталықта және өңірлерде тиімді іске асырылуы.
Ел Президенті жариялаған шараларды қолдай отырып, біз #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастырамыз.
Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен өңірлік филиалдардың жұмысы мұқтаж азаматтарға атаулы көмек көрсетуге бағдарланды. Қоғамдық қабылдаулар онлайн режимде қызу жұмыс жүргізуде.
Елбасының бастамасымен соңғы 3 айда 550 мыңнан астам аса мұқтаж отбасыға, яғни отбасылық коэфициентін ескергенде 2 миллиондай адамға атаулы қаржылық көмек көрсетілді. Тағы 300 мыңдай отбасы азық-түлік себеттерімен және қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 100 мың отбасыға 5 миллион маска таратылды. Осынау ауқымды жұмысқа Jas Otan-ның 5 мыңнан астам волонтері атсалысты.
Мемлекет басшысы үндеуінде атап көрсеткендей, қазіргі кезде қазақстандықтардың халқымыздың басына түскен сынаққа барынша сабырлық, төзімділік пен жауапкершілік танытуы маңызды. Ел Президентінің жанына топтаса отырып, бірлігімізді көрсететін кез, осы. Тек жұдырықтай жұмыла отырып қана бұл қатерді еңсереміз.
Nur Otan партиясы өзінің бүкіл ресурсын Мемлекет басшысының тапсырмаларына қоғамдық және партиялық бақылауды қамтамасыз етуге жұмылдырады", деп жазды Бауыржан Байбек.
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:17
Хаменова өз кінәсін мойындаған жоқ
Қоғам • Бүгін, 14:16
ШҚО-да Тарбағатай ауданына жаңа әкім тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:10
Қазақстанда жылқы еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 14:02
Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:29
«Тобыл» мен «Қызыл-Жар» маңызды матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 13:12
Шекара қызметі 8 мыңнан астам суық қару тәркіледі
Қоғам • Бүгін, 12:52
Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады
Әлем • Бүгін, 12:43
Магистратура емтиханында 328 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 12:35
Ата-аналар жекеменшік балабақшаларға шағымданып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда оқушыларға арналған автобус қатынайды
Қоғам • Бүгін, 12:17
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 12:08
Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Үкімет басшысы отандық өндірісті қолдауды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:27
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбылдық тұрғыннан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Михаил Саакашвили ауыр хәлде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Ұқсас жаңалықтар