Аймақтар • 09 Шілде, 2020

"Қарағанды – Балқаш" жолына үш мыңнан астам адам жұмылдырылды

111 рет көрсетілді

Қарағанды облысында ұзындығы 363 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар "Қарағанды-Балқаш" автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Құрылыс жұмыстарын "СП КазГерСтрой" және CITIC Construction Co.Ltd. компаниялары жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда тасжолдың барлық учаскелері қайта жаңартылуда. Мамандар жер қабатын дайындап, асфальт-бетон жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттарын төсеуде. Жұмыстар жолдың жаңа жолағында жүргізіліп жатқанымен, қолданыстағы жол жаңа жолақтағы құрылыс жұмыстары аяқталмайынша бұзылмайды.

Жобаға сәйкес тасжол 4 жолағы бар І-б техникалық санатындағы жолға сай болмақ. Жолды кеңейту учаскелердегі апаттылық деңгейін едәуір төмендетіп, жолдың автокөлікті өткізу қабілетін арттыра түседі. Бұдан бөлек, жолды қайта жаңарту аясында 28 көпір мен жол өтпелерінің, 377 су өткізгіш құбырдың, елді мекендер маңындағы демалыс орындары мен автопавильондардың құрылысы қарастырылған.

Бүгінгі таңда мұндағы жұмыстарға техниканың 1366 бірлігі жұмылдырылды. Қайта жаңарту жұмыстары басталған кезде аталмыш жоба аясында 3282 жұмыс орны құрылғанын айта кету керек.

Жаңа жолда көлік қозғалысы жыл соңына дейін ашылады.

Соңғы жаңалықтар

ҚХЛ: Виза бермей жатыр

Хоккей • Бүгін, 15:18

COVID-19 адамнан итке жұққан

Коронавирус • Бүгін, 14:15

Қиын кезең артта қалды - министр

Қазақстан • Бүгін, 11:14

Жырақта өткен жиырма жыл

Оқиға • Бүгін, 08:16

Ұқсас жаңалықтар