Соңғы аптада Шымкент қаласында ЖРВИ-мен қатар пневмония індеті асқынып кетті. Салдарынан шаһардағы ауруханаларда науқастар шамадан тыс артты. Ал дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы орын алды. Жанына шипа іздеген тұрғындар үлкенді-кішілі дәріхана алдында ұзын-сонар кезекке тұрды. Міне, осы төтенше жағдай кезінде бағаның күрт өсіп кетуінің алдын алу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен шұғыл топ құрылды.

Аталған топ қаладағы дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын бақылауға көшіп, бірқатар дәріхананың бағаны заңсыз көтергенін анықтады. Атқарылған жұмыстар туралы қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы тікелей эфир арқылы тұрғындарға есеп берді.
Бүгінгі жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған 3 596 азамат тіркеліп, 2097 науқас емделіп шықты. Шаһар басшысының айтуынша, 1 маусымда 867 коронавирус жұқтырған азамат тіркелсе, 1 маусым мен 7 шілде аралығында 2729 жағдай тіркелді. Яғни науқастар саны күрт артты.
Маусым айының басында жұқпалы ауруханаларда төсектік орын қоры 490 болған. Ал маусымның соңына дейін қосымша 160 төсектік орын ұйымдастырылып, нәтижесінде төсектік орын қоры 650-ге жетті. Онда 1 маусым мен 7 шілде аралығында 1640 науқас жатқызылды. Оның ішінде 1276 – коронавирус жұқтырғандар.
Шымкентте елімізде алғаш болып пневмония және ЖРВИ-мен ауырғандарға 633 төсектік орын ұйымдастырылды. Бұл жөнінде баспасөз мәслихатында қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Шаһарда республикада алғашқылардың бірі болып, осы жылдың 25 маусымында 51 емханада ЖРВИ мен пневмониямен ауырған науқастарға 633 төсектік орын ұйымдастырылды. Оның ішінде 319-ы мемлекеттік бірінші медико-санитарлық көмек ұйымдарында, 314-і жеке ұйымдарда ашылды. Күніне орта есеппен 2 мың науқас қамтылуда. Бүгінге дейін 2753 науқас емделіп шыққан.
250 «Бобров» тыныс алу аппараты мен 10 монитор...
Қала әкімінің айтуынша, шаһардағы медициналық қажетті техникалар қоры жеткілікті. Осыған орай ауруханаларды материалдық құрал-жабдықтармен қамту ісі де қолға алынды. Аса қажет деген құралдар кезең-кезеңімен жеткізілуде.
«Қалада медициналық мекемелерде 323 ИВЛ аппараты бар, оның 130-ы – портативті аппарат. Сонымен қатар 250 «Бобров» тыныс алу аппараты және 10 монитор алынды», деді М. Әйтенов.
Қалалық әкімдіктің резервінен коронавирусқа қарсы шараларға 1,8 млрд теңге бөлінді. Оның 854 млн теңгесі материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған.
Қазіргі таңда 6 ауруханада арнайы оттегі стансалары орнатылуда. 21 ИВЛ аппараты алынып, жақын арада қойылады. Бұған қоса қалалық бюджетті оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша ИВЛ, басқа да құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер сатып алуға 5 млрд теңге қаржы бағыттау жоспарланды. Сонымен қатар медицина саласының қызметкерлерін қолдау шаралары да қарастырылған.
Медицина қызметкерлерінің КВИ-мен ауырған 569 жағдайы тіркелген. Оның 129-ы Түркістан облысының медицина қызметкерлері (143 дәрігер, 258 медбике, 128 басқа персонал). Жалпы жағдайдағы үлесі – 15,8 пайыз.
Медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 2 764 медицина қызметкеріне 780 млн теңге еңбекақыларына үстемеақы төленді. Сондай-ақ халық қоры және демеушілердің есебінен 935 медицина қызметкеріне 42,4 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Жұқпалы ауруханаларда науқастармен тығыз байланыста жүрген 336 дәрігерді қонақүйлерге жайғастырып, тамақпен қамтып, жұмысқа қатынауы ұйымдастырылды.
М. Әйтенов эпидемиялық жағдайға байланысты 1 шілдеден бастап 20 шілдеге дейін қалада қайтадан карантин енгізілгенін атап өтіп, барша шымкенттіктерді бұл шектеу шараларына түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде дүрбелеңге салынбай, сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.
Заңсыз дәрі-дәрмек сақтағандар жауапқа тартылады
Бүгінде қалада 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдық жеткізіп беруші мекемелер жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы аталған брифингте қала басшысы мәлімдеді.
«Тіркелген 730 дәріхананың 560-сы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда қалада бір айлық дәрі-дәрмек қоры бар. Оның ішінде дене қызуын төмендететін 115 843 препарат, вирусқа қарсы 136 352 препарат және 133 040 антибиотик бар. 44 253 қорап «С витаминдері» бар. Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармаларымен бірлесіп, 4 мониторингтік топ құрылған. Мониторинг барысында дәрі бағасын негізсіз өсіргендерге әкімшілік шаралар қолданылатыны ескертілді. Дәріханада жоқ дәрілердің орнына баламаларын ұсыну да ескертілген», деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Сонымен қатар полиция департаменті Әлімқұлов көшесінен заңсыз дәрі-дәрмек және медицина құралдарын сақтау жағдайын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Пневмониядан жазылып шыққандардың қатары көп
Осы жылдың маусым айының басынан бері ЖРВИ-мен, пневмониямен ауырғандар бойынша Шымкент қаласында 3 провизорлық стационарда 320 төсектік орын ашылған болатын. Ал 15-30 маусым аралығында 23 провизорлық стационарда 2 960 төсектік орын ұйымдастырылған.
Бүгінгі таңда 26 мемлекеттік және жеке нысандарда 3010 провизорлық төсектік орын жұмыс істеп тұр.
«Бірінші маусымнан бастап 6340 пневмониямен сырқаттанушылық тіркелді. Оның 6060 немесе 95,6 пайызы ауруханаға жатқызылды. Олардың 60 пайызы немесе 3639 науқас емделіп шықты», дейді қазіргі жағдайға тоқталған қала әкімі.
Айта кетерлігі, Шымкентте осы жылдың 1 маусымынан бастап ЖРВИ-мен сырқаттану бойынша 11 891 жағдай тіркелген. Оның ішінде 535-і ауруханаға жатқызылып, 460 науқас емделіп шыққан.
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Бүгін, 06:55
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Аймақтар • Бүгін, 06:48
Спорт • Бүгін, 06:47
Спорт • Бүгін, 06:46
Спорт • Бүгін, 06:44
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 06:43
Әдебиет • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:36
Руханият • Бүгін, 06:34
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар