Жарыс кестесі бойынша, мәнерлеп сырғанаудан «Денис Теннің мемориалы» атты халықаралық дода 29 қазан мен 1 қараша аралығында Алматыда ұйымдастырылады. Ал әлем біріншілігі 22-28 наурызда Швецияның Стокгольм қаласында өтеді. Биылғы біріншілік пандемияға байланысты өткізілмеген еді. Айта кетерлігі, жарыстар кестесі коронавирус пандемиясына байланысты өзгеруі мүмкін.