Аймақтар • 10 Шілде, 2020

Алматыда 3 күнде заңсыз дәрі-дәрмек сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін Алматы полиция Департаментінде дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеріп жіберудің алдын алу, олардың заңсыз сатылуын болдырмау мақсатында арнайы мобильді топтар құрылғандығы туралы хабарланған болатын, - деп жазады Egemen.kz

Алматыда 3 күнде заңсыз дәрі-дәрмек сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді

"3 күн ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді. Тінту кезінде 24000 дәрі-дәрмек құралдары бар 1200 пакет, сондай-ақ, жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын COVID-19 анықтайтын 9000 экспресс-тест алынды. Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды. Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда. Барлық осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.

Бүгін криминалдық полиция Басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ЭТД-мен бірлесіп опа-далап сататын дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі азаматты ұстады. Дүкенде қызметтің осы түріне лицензиясы болған жоқ. Тергеу барысында аталған мекемеде әр түрлі 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек және жалпы сомасы 1 миллион 119 мың 200 теңгені құрайтын 100-ден астам ампула тәркіленді.