Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Қостанайда медициналық қызмет көрсететін шағын топтар жұмыс істей бастады

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында пайда болған жаңа  қызмет тобының құрамында бір дәрігер және бір медбике бар. Мобилді бригадалардың басты міндеті – амбулаторлық ем алып жатқандарға, үй карантиніндегілерге, сондай-ақ денсаулығы нашарлаған симптомсыз науқастарға дәрігерлік көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, науқастарға мемлекет беретін тегін дәрі-дәрмектерді де жеткізіп береді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда медициналық қызмет көрсететін шағын топтар жұмыс істей бастады

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің Instagram аккаунтынан алынған мәлімет бойынша, медициналық мобилді топтар  күн сайын таңғы сағат 8:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді.

Дәрігерлерді  көлікпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен  арнайы қаржы қарастырылған. Қостанайдағы такси компанияларының бірі мобильді топтарды тасымалдауға 12 автокөлік бөліп отыр.  

 

Қостанай облысы