Әлем • 11 Шілде, 2020

Қытай өз навигациялық жүйесін жасады

858 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда Beidou деп аталатын ұлттық навигациялық жүйе жасап шығарылды. Бұл әлемдегі америкалық GPS, ресейлік ГЛОНАСС және еуропалық GALILEO сияқты төртінші болып есептеледі, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қытай өз навигациялық жүйесін жасады

Көрші ел бұл мәселені 90-жылдар аяғында жоспарлап, 2000-шы жылы оның бірінші кезеңі іске асқан. Ал, жақында соңғы навигациялық спутникті ұшырып, аталмыш жүйені толық жасақтап бітті.

Жүйенің ғаламдық қамтылуы да көңіл көншітерлік. Былтырғы жылдың аяғында ғана қытайлық смартфондардың 70 пайызы Beidou арқылы жұмыс істеген. Сонымен қатар жүйенің картографиялық технологиясын пайдалану үшін жүзден аса әріптес компаниялар ниет білдірген.

2013 жылдан Қытайдың көлік министрлігі жүк таситын автомобильдер мен автобустары осы жүйені қолдана бастаған. Бұл Қытайда АҚШ-пен ғаламдық текетірес бола қалған жағдайда GPS навигациялық жүйесіне тәуелді болмаудың мүмкіндігі туғанын көрсетіп отыр.