14 Қазан, 2013

Оралдағы жылу дауға айналуы мүмкін

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 10-OralБатыс Қазақстан облысы Орал қаласында ауа райы кенеттен салқындап кетті. Соған қарамастан көше бойындағы жаңадан салынған жылу құбырлары әлі жабылмаған. Бұл туралы «Караван» газеті жазды.

Қазір Орал қаласының тұрғындарын жылу беру маусымының басталуы алаңдатып отыр. Ал өткен апта ішінде баспасөз мәслихатында «Жайық жылу қуат» АҚ президенті Айтқали Тілефтинов 15 қазанда қаладағы нысандарға жылу беріледі деп мәлімдеген болатын. Осы орайда дерекке жүгінсек, 2 қазаннан бастап 11 балалар бақшасына жылу берілген екен. Қалған білім ордалары бұл мәселеге шыдамдылық танытуда.

Қазірдің өзінде бір көшенің 1,5 шақырымына республикалық бюджеттен 355 млн. теңге бөлініп, жылу құбыры тартылуда. Бұл аз қаржы емес. Дегенмен, тұрғындар әлі бітпеген іске қарап, жылудың мерзімінде берілетініне сенімсіздікпен қарап отыр.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар