Қазақстан • 12 Шілде, 2020

Елде коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланған болатын. Бұл туралы бұған дейін республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген еді.

Елде коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады

2020 жылдың 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын "Qazaqstan" Ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Аза тұту күнінде "Хабар агенттігі" АҚ мен "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35