Технология • 12 Шілде, 2020

Салмағы 92 грамдық принтер

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәдімгі қаламсаптан сәл ғана үлкендеу бұл құрылғы қолдануға өте ыңғайлы. Selpic P1 кішігірім жазба,  QR-код  немесе көлемі шағын суретті кез келген заттың бетіне шығара алады. Әзірге ол бірнеше беттен тұратын үлкен файлды басып шығара алмаса да оның болашағы зор делінуде.

Салмағы 92 грамдық принтер

Кәдімгі принтерге қарағанда оның жұмыс істеуі басқаша, яғни, принтерді маркер ретінде қолдануға болады. Құрылғыдан сапасы 600 DPI болатын фотография, сурет немесе шағын мәтінді оңай шығарып аласыз. Картридж алты түрлі бояумен қамтылған. Ол өндірушінің айтуынша, А4 форматындағы 90 парақ шығаруға жетеді.

Аккумуляторы бір қуатталған соң 3 сағат тоқтаусыз жұмыс істей алады. Смартфоныңызға Wi-Fi желісі арқылы қосып алған соң арнайы қолданба арқылы принтерді басқара беруге болады. Бағасы 89 АҚШ доллары мөлшерінде болмақшы.