Аймақтар • 12 Шілде, 2020

Атырауда интернеттің жылдамдығын тексеріп жатыр

794 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен оқу жылында өңірдегі 196 мектепте 129 500 оқушы білім алған еді. Енді биыл оқушылардың саны 131 мыңнан асқалы отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда  интернеттің жылдамдығын тексеріп жатыр

Осыған орай облыс  әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың мәлім етуінше, жаңа оқу жылына тиісті дайындық шаралары атқарылып жатыр.

– Өңір мектептеріндегі компьютерлердің жиынтығы, шалғай ауылдардағы интернеттің жылдамдығы сарапқа салынып жатыр. Қазіргі  ахуалға  сай  жаңа талаптар да  енгізілу үстінде. Бұған дейін облыс мектептерінде 129 мыңнан астам оқушы болған еді. Енді жаңа оқу жылында 131 мыңнан аса оқушы мектепке барады, - деді Бақытгүл Хаменова.