"Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін.
Ал ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым.
Енді жұмысқа кірісіп, сөздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін. - делінген Алматы облысы әкімінің әлеуметтік желідегі жазбасында.