Әлемде коронавирус індеті қайта өршіп барады. Өткен жұма күні бір күнде 223 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл – пандемия басталғалы бергі рекордтық көрсеткіш. Осылайша, әлемнің түкпір-түкпірінде қауіпті дерттің тырнағына ілінгендер саны 12,5 миллионнан асты.

Індет Латын Америкасы мен Азия елдерінде күрт тарап, науқастар саны сағат сайын көбейіп жатыр. БҰҰ-ның хабарлауынша, Кариб бассейні де пандемия ошағына айналмақ. Іргелі ұйым мұның басты себебі ретінде әлеуметтік теңсіздік, жұмыс барысында санитарлық нормалардың сақталмауы, медицина сапасының төмендігін атап көрсетті.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің айтуынша, кедейлерге, мүгедектерге, қарттарға, әйелдерге, жергілікті халық өкілдеріне, босқындарға зор қауіп төніп тұр. Сондай-ақ пандемияға байланысты аталған өңірлерде кедейлік деңгейі 7 пайызға артады. Нәтижесінде, 230 миллион адам күнкөріс деңгейінен төмен өмір сүрсе, 96 миллион тұрғын қайыршылық жағдайда тіршілік етеді екен.
«Біз вирустың таралуын тежеу және барлық адамның өмірі мен денсаулығы үшін күресті күшейту мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бірақ біз бұрын-соңды болмаған әлеуметтік-экономикалық салдарға қатысты шаралар қабылдауға тиіспіз», деді А.Гуттериш онлайн-баспасөз жиынында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да коронавирустың қарқыны артып бара жатқанына алаңдаулы. Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус COVID-19 вирусынан туындаған пандемия әлі де шырқау шегіне жетпегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, індеттің жоғары қарқынмен таралуына билік өкілдерінің дер кезінде қимылдап, әрекет етпеуі әсер еткен.
«Қазір бізге кезігіп отырған басты қиындық вирус емес, жаһандық және ұлттық деңгейдегі көшбасшылық пен бірігу жетіспей тұр. Бұл қасірет достарымызды сағынтып, көптеген өмірді жалмады. Оны бөлек-бөлек жеңе алмаймыз», деді Т.Гебрейесус Женевада өткен баспасөз жиынында.
ДДҰ басшысының бұлай алаңдауына негіз бар. АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін талай мәрте ұйым құрамынан шығатынын мәлімдеген. Ақыры Ақ үй әкімшілігі ресми түрде бұл қадамға кірісіп кетті. Алда-жалда Құрама штаттар ДДҰ-мен ат құйрығын үзіссе, ешкімге оңай тимейтіні анық. Өйткені АҚШ – ұйымға ең көп қаржы құятын мемлекет. Яғни коронавирус індетімен күрес, одан кейінгі ахуалды жақсартуға арналған бірқатар бастама аяқсыз қалуы әбден мүмкін. Бұл – біріншіден.
Екіншіден, вирустың таралуы бірқатар елде артып, бұған дейін індетті ауыздықтадық деген мемлекеттер қайта карантин жариялауға мәжбүр болды. Әсіресе АҚШ, Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африкада жағдай бақылаудан шығып, вирус жұқтырғаны анықталған науқастар күрт артқан. Оған қоса, күн сайын індет 5 мың адамның өмірін жалмап отыр.
Құрама штаттарында кейінгі аптада науқастар саны айтарлықтай көбейген. Бүгінде бұл елде күніне 60 мыңға жуық адам вирус жұқтырғаны анықталды. Ал жалпы АҚШ-та 3,2 миллионнан астам адам COVID-19-дың тырнағына ілікті. Жалпы саны 136 мыңға жуық тұрғын аталған дерттен қаза тапты.
Бұған дейін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы – қауіпті вирустың ошағы саналып келген. Әлемге әйгілі шаһарда бүгінге дейін 425 мың адам ауырған-ды. Алайда карантиндік шектеулерді алып тастағаннан кейін Калифорния, Техас, Флорида штаттарында COVID-19 жұқтырғандар саны артты. Әсіресе өткен жұмада Техаста бір күнде 11 мың адамның сырқаттанғаны анықталды.
АҚШ-тың бас эпидемиологі Энтони Фаучи АҚШ коронавирустың алғашқы толқынына төтеп бере алмады деп есептейді. Оның пайымдауынша, індеттің қарқынды тарауына ел билігінің дер кезінде қимылдамауы, халықтың карантиндік талаптарды сақтамауы әсер етті.
Бұған дейін Жапония коронавируспен күресте озық шығып, індеттің бетін бері қаратқандай көрінген. Алайда кейінгі аптада Күншығыс елінде науқастар саны артып келеді. Мәселен, өткен аптада мыңға жуық адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Осыған қарамастан, билік өкілдері әзірге тағы да төтенше жағдай енгізуге ерте екенін айтады. Пандемия басталған кезде жарияланған бірінші төтенше жағдай мамырдың ортасында аяқталып, шектеу шаралары жеңілдетілген-ді. Ниппондар елі содан бері қол қусырып отырмай, денсаулық сақтау саласын індетпен күреске жұмылдырды.
Аустралия да коронавирусты еркіне көндіруге шақ қалған-ды. Бірақ «жасыл құрлықта» кейінгі бірнеше аптада науқастар саны күрт артты. Премьер-министр Скотт Морисонның айтуынша, Аустралия елге келетін меймандар санын аптасына төрт мыңнан асырмауға шешім қабылдады. Бұған дейін ел билігі қонақтарды мемлекет есебінен қонақүйге жайғастырып, 14 күн карантинде ұстаған еді. Енді киви мен кенгуру көруге барғандар карантиннің шығынын өз қалтасынан төлеуі тиіс.
Оған қоса, Мельбурн қаласында алты апталық локдаун енгізіледі. Ал тұрғыны көп Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльс штаттары шекарасы белгісіз мерзімге жабылады. Қазіргі таңда «жасыл құрлықта» қоғамдық орындарда бетперде киіп жүру міндетті.
Бразилияда да жағдай өте қауіпті. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, күн сайын вирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан түсер емес. Сондай-ақ күн сайын мыңнан аса науқас көз жұмады. Тіпті, ел президенті Жаир Болсонару да COVID-19 жұқтырды. Бразилия басшысы талай мәрте коронавирусты қарапайым тұмаудан айырмашылығы жоқ деп есептеп келген еді.
Жалпы, ел аумағында 1,8 миллион адам індетке шалдыққан. Соның 70 мыңы ақтық сапарға аттанды. Өлім коэффициенті 4 пайызды құрап отыр. Бүгінде Сан-Паулу және Рио-де-Жанейро штаттарында қаза тапқандар саны өте көп. Бразилия коронавирус жұқтыру және өлім саны бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.
Еуропада кейінгі бірнеше аптада жағдай тұрақталып қалған еді. Бірақ қазіргі таңда қарт құрлық пандемияның екінші толқынына әзірленіп жатыр. Жағдайдың қалпына келіп жатқанына қарамастан, жекелеген елдерде аурудың өршуі байқалады. Мәселен, Сербияда жұқтырғандар саны күрт артты. Ауруханалар аузы-мұрнынан шығып толған. Көпшілік бұған ел билігін кінәлайды. Мамырда үкімет шектеу шараларын жеңілдетіп, маусымда сайлау өткізген. Ал билік өкілдері карантин талаптарын сақтамаған халықтың өзін кінәлайды. Вирусты одан әрі таратпау мақсатында Белградта 10-13 шілде аралығында коменданттық сағат режімі енгізілді. Сербияның 19 қаласы мен ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Испанияның Галиция өңірінде қайтадан локдаун енгізілді. Аталған ауданда вирус жұқтырғандар саны күрт артқан. Осыған байланысты, қоғамдық орындарда бетперде тағу міндеттеліп, көпшіліктің жиналуына тыйым салынды. Жергілікті биліктің пайымдауынша, індеттің өршуіне мейрамхана мен барлардың ашылуы себеп болған. Бұдан бөлек, Үндістан, Ресей, Мексика, Чили, Перу секілді елдерде де жағдай мәз емес.
Таяуда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың ауа арқылы таралуы ықтимал деп мәлімдеді. Әйтсе де, әзірге кесіп-пішіп айтуға ерте. Ұйым өкілдерінің сөзіне сенсек, COVID-19-дың ауа арқылы қаншалықты жұғатынын әлі де зерттеу қажет.
ДДҰ-ның инфекцияны таратпау жөніндегі сарапшысы Бенедетта Аллегранци коронавирус ауа арқылы таралуын жоққа шығарғанымен, түпкілікті қорытынды жасауға ерте деп есептейді.
«Адамдар көп жиналатын жабық әрі нашар желдетілетін қоғамдық орындарда вирустың ауа арқылы берілу мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Бірақ мұны әлі де зерттеп, дәлелдеуіміз қажет. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз», деді ол.
Талғарда өрт салдарынан баспанасынан айырылған отбасы үйлі болды
Аймақтар • Бүгін, 18:51
AsiaCredit Bank салымшыларына кепілдік берілген өтемнің 70%-ға жуығы төленді
Экономика • Бүгін, 18:40
Президент Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға қолға қойды
Президент • Бүгін, 18:35
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:33
Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы Елшісі болып тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:32
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Бүгін, 18:30
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 18:16
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Бүгін, 18:15
Қызылордада экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобалар талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 18:03
Технология • Бүгін, 18:02
Қостанайда жылқы өз иесін қатты аяздан аман алып қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 17:40
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Бүгін, 17:29
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Бүгін, 17:25
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Денсаулық сақтау вице-министрі пандемияда қабылданған шаралар туралы айтты
Қазақстан • Бүгін, 17:20
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Коронавирус: Вакцина ектірген екі адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:06
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:04
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 16:54
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:52
188 миллиард теңге жымқырған 4 экс-банкирге сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 16:50
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:50
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:44
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Бүгін, 16:42
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Білім • Бүгін, 16:41
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Спорт • Бүгін, 16:38
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 16:36
Ералы Тоғжанов волонтерлік ұйымдарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Су добынан жасөспірімдер арасында ел үздігі анықталады
Спорт • Бүгін, 16:31
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:25
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Бүгін, 16:22
«Adaldyq alańy» – қоғамдық бақылаудың драйверіне айналды
Қоғам • Бүгін, 16:16
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Бүгін, 16:00
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 15:55
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:41
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:40
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:27
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Бүгін, 15:22
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:18
Алматыда «Чупа-құрт» өнімі нарыққа шықты
Бизнес • Бүгін, 15:15
Нұр-Сұлтанда Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Елорда әкімдігінде «Ashyq» қосымшасының артықшылықтары туралы түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:12
Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады
Туризм • Бүгін, 14:52
Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Шағын несиелер мен жедел несиелердің тәуекелі өте жоғары
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қазақстан мен Қырғызстан әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Ақылбек Күрішбаев: Селекциялық жұмыспен айналысамыз ба, әлде шет елден тағы да мал тасимыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 13:52
Алматы облысында көлік 4 оқушы қызды қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:28
Шарын шатқалында Түркістан сілеусіні видеотұзаққа түсіп қалды
Экология • Бүгін, 13:20
Қыстыгүні де велосипед ұрлаушы шығып отыр
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды
Өнер • Бүгін, 12:58
Алматының санитарлық дәрігерлері коронавирус ревакцинациясын жалғастырып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:39
АӨСШК – Қазақстан сыртқы саясатының жарқын жемісі
Қазақстан • Бүгін, 12:35
Қырғызстан президенті манасшы Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Мәжіліс ЕАЭО-ның темекі өнімдеріне арналған акциздер туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 12:26
Ұқсас жаңалықтар