15 Қазан, 2013

Футбол. Қазақстан жастары Арменияны тізе бүктірді

331 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

15-10-13-futbol-molodej-1

Футболдан Қазақстанның 21-ге дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу сындары аясында сырт алаңда Армениямен ойын өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады. Ойын Қазақстан құрамасының шабуылымен басталды. Біздің жігіттер мұны бірінші таймда голға айналдырды. 31-минутта Абзал Бейсебековтен тамаша пас алған «Шахтер» ойыншысы Роман Муртазаев есеп ашты. Алаң иелері бұған екінші таймда Давид Акопянның голымен жауап қайтарды. Ол 48-минутта соғылды. 14 қазан. Ереван. В.Саргсян атындағы республиканский стадион. Бас төреші: Крис Райш (Люксембург) Армения: Манукян, А.Оганесян, Г.Оганесян, Минасян (В. Минасян, 83), Погосян (Сардарян, 74), Малакян (Айвазян, 78), Папикян, Восканян, Мурадян, Акопян, Адамян Қазақстан: Покатилов, Сартаков, Қожабаев, Пасечник, Бейсебеков (Бегалин, 86), Левин, Қуат, Ульшин (Пикалкин, 90), Аяғанов, Калинин, Муртазаев (Ли, 68) Голдар: Муртазаев (31), Акопян (48), Бейсебеков (72). Ескертулер: Мурадян (82), Адамян (85), Н.Минасян (85) - Қуат (11), Левин (85), Сартаков (93). Қонақтар бұдан кейін бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Олар 72-минутта осыдан нәтиже шығарды. Илья Калининнің берген добын Абзал Бейсебеков қақпаға дәл түсірді. Осылайша біздің құрама сырт алаңда жеңіске жетті. Бұл - біздің осы іріктеу сынындағы екінші жеңісіміз. Алғаш рет Белоруссия құрамасын сыртта ұтқан едік. Еске сала кетейік, Арменияны Астанада қабылдап, 0:1 есебімен есе жібергенбіз. Сонымен бірге, жақында ғана Сергей Боровский кетіп оның орнына Андрей Ферепонтов келген еді. Оның бірінші матч осылай табысты болды. Құраманың келесі ойыны алдағы жылы 5 наурызда Исландиямен өтеді. Дамир Қожамқұл.
Соңғы жаңалықтар