Бүгiн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дұға жасау үшiн «Әзiрет Сұлтан» мешiтiне келдi. Президент мұнда қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесiмен құттықтады. Бұл туралы BNews.kz тілшісі хабарлады.
«Құрметтi қазақстандықтар! Бүгiн барлық мұсылман әлемi, дүниежүзіндегi 1,5 млрд. мұсылман жұртшылығы елiмiздiң төл мерекесi болып саналатын - Құрбан айт мейрамын құрметпен өткiзiп жатыр. Тәуелсiздiк жылдарында өзiмiздiң төл дiнiмiз - ислам дiнiне халқымыз жаппай оралып жатыр. Осының барлығы қайырымен болсын! Тәуелсiздiктiң арқасында Қазақстандағы 3 мыңнан астам мешiт жұмыс iстеп тұр, жаңалары салынып жатыр. Мына Астанада ең негiзгi, ең үлкен мешiтiмiздi де салдық. Осының барлығы мұсылмандарға деген қамқорлық», - дедi Қазақстан Президентi.
«Өзiмiздiң шын дiнiмiзбен, имандылықпен елiмiздi бiрлiкке шақырып, Қазақстанның тәуелсiздiгi ұзағынан болсын деп, дiнiмiз мәңгi болсын деп тiлек тiлеп жатқан халық бар. Сол тiлектiң барлығы орындалсын. Мұсылманның жасап жатқан кәдесi - құрбаны Алланың құлағына шалынып, барлық тiлектерi орындалсын!Тәуелсiздiгiмiздiң арқасында мыңдаған қазақстандықтар қажылық жасап, Меккеде өздерiнiң намаздарын оқып, тiлек тiлеп жатыр. Сол тiлектердiң барлығы елiмiзге қабыл болсын!Баршаларыңызды шын жүрегiммен бүгiнгi Құрбан айт мерекесiмен құттықтаймын! Тiлеген тiлектерiңiз, шалған құрбандарыңыз Алланың құлағына шалынып, соның барлығы орындалсын. Елiмiздiң игiлiгiне, Қазақстанның болашағына қызмет ететiн болсын. Елiмiз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақтарды, мұсылмандарды Алла бiрлiктерiнен ешқашан ажыратпасын. Аман-сау болыңыздар. Барлық отбасына жақсылық, береке-бiрлiк тiлеймiн», - дедi Н.Назарбаев.