15 Қазан, 2013

Бирюлев: Щербаковты өлтірген жігіт анықталды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-10-13-egor sherbakov-1

Мәскеудің батыс қапталындағы Бирюлев ауданындағы жұртты бірнеше күн бойы көшеге шығарған оқиғаның себебі – 25 жасар Егор Щербаковты осындағы көкөніс қоймасы маңында өлтірген адамның кім екені анықталды. Ол Орхан Зейналов есімді әзербайжан жігіті болып шықты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Анықталған мәліметтер бойынша, Востряков тұйығындағы жас жігітті өлтіруге қатысты оқиғаның басты қаһарманы белгілі болды. Ол Әзербайжанның тумасы Орхан Зейналов есімді жігіт. Қазір күдіктіні ұстаудың барлық шаралары қарастырылып жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

Егор Щербаков 10 қазан күні түнде өлтірілді. Белгісіз біреу оны қызының көзінше денесінің бірнеше жеріне пышақ салып өлтірген.

Осы оқиғадан кейін Батыс Бирюловода тұрғындардың жиыны өтіп, олар жас жігітті өлтірушіні тауып беруді талап етті. Олар сондай-ақ осы ауданда тұратын барлық мигранттарды тексеруді талап еті. Осыдан кейін ұлттық ұрандар көтерген топ «Бирюза» сауда орталығын талқандады. Жұрт кісі өлтіруші тап осы жерде тығылып жатыр деп есептеді.

Тобыр ОМОН-мен ұстасты. Осыған байланысты 400 адам қамауға алынды. Олардың 70-іне әкімшілік шаралар қолданылды.

Қазір Тергеу комитеті базаның жұмысын бес күнге тоқатып қойып, жұмыс жасап жатыр. Ал Бирюлев ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы орнынан алынды.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар