Ауруханадағы балондардың оттегісі таусылған жағдайда еріктілерге Шымкент қаласындағы оттегі құю бекетінен толтырып келу үшін аудан әкімдігінен газель автокөлігі бөлінген. Бұл көлік тәулігіне 24 сағат қызмет етуде. Сонымен қатар, барлық ауылдық округ, кент әкімдері өздерінің қызметтік көліктері мен жүргізушілерін ақ халатты абзал жандарға беріп, бүгінде 17 көлікпен жедел жәрдем бригадалары үйлерінде сырқаттанып жатқан тұрғындарға қатынауда. Медицина мамандары науқастардың үйлерін аралап, емдеуді жалғастырып жатыр.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында соңғы бір аптаның ішінде демеушілер мен еріктілер орталық ауруханаға 210 оттегі балонын тарту етті. Игі бастама аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Кеше
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Кеше