Коронавирус • 13 Шілде, 2020

Қазақстанда COVID-19 таралғанына төрт ай болды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде коронавирустың таралғанына тура төрт ай болды. COVID-19 жұқтырудың алғашқы жағдайы осы жылдың 13 наурызында тіркелген еді. Ол Германиядан келген екі азаматтан анықталды, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда COVID-19 таралғанына төрт ай болды

26 наурызда Қазақстанда коронавирустан болған бірінші өлім тіркелді. Сол күні 64 жастағы әйел қаза тапты. 

Бүгінгі таңда елімізде індетті жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті. Жазылып шыққандар - 34 190, қайтыс болғандар - 375. 

Әлем бойынша коронавирус 12 млн 878 мың адамнан анықталды. 568 мыңға жуық науқас көз жұмып, 7 млн-нан астам адам індеттен айықты.