Әлем • 13 Шілде, 2020

Дональд Трамп Пуэрто-Риконы сатуға ниетті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы болған дауылдан кейін Пуэрто-Риконы сату туралы идеяны ұсынды. Бұл туралы The New York Times газетіне АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрінің бұрынғы міндетін атқарушы Элейн Дюк хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Дональд Трамп Пуэрто-Риконы сатуға ниетті

"Мария" дауылы Пуэрто-Рикода 2017 жылдың 21 қыркүйегінде болды. Дауыл салдарынан электр қуаты сөніп, су мен азық-түлік тапшылығы туындады. Аталған жағдайға көмек ретінде үкімет тарапынан бірталай қаражат бөлінді. Қаражаттың көп мөлшерде жұмсалғанына көңілі толмаған Трамп Пуэрто-Риконы сатуға ниеті бар екенін жасырмады.

Оның айтуынша, бұл жағдайда Трамп өзін саясаткер ретінде емес, бизнесмен ретінде көрсетті. Атап айтқанда, ол "аралды сату немесе осы активтен құтылу" туралы идеяны алға тартты. Алайда, Дюк нақтылағандай, Ақ үйде бұл тақырып жабулы қазан күйінде қалған.

Дегенмен, билік тарапынан Пуэрто-Риконың сатылымы ешқашан қарастырылмағанын атап өтті. Дауылдан 60-тан астам адам қаза тауып, жүздеген ғимараттар қирады.

Алдағы сайлауалды науқанына байланысты Дональд Трамп Пуэрто-Риконы әлі де сатуға ниетті.