Шығыс Қазақстан облысында пандемия кезінде қамаудағылар 400 мың бетперде мен 642 індетке қарсы арнайы киім тікті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен қамаудағылар полиция өкілдерін, медицина қызметкерлерін және туыстарын жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етеді. Осы бағыт бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Өнімнің материалы гипоаллергенді. Шаңнан қорғау қасиеттеріне ие және жұқпалы аурулардың қаупін азайтады", деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің өкілі.
ШҚО бойынша ҚАЖ ОВ-156/21 әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан экс-дәрігер Дана Дидарова коронавирус індетінің ауыр кезеңінде өз туған-туыстарына, медицина және полиция қызметкерлеріне қалай көмектесуге болатынын айтып берді.
"Қазір біздің мекемеде тігін цехы өз штатын ұлғайтып жатыр. Бұл қорғаныс бетперделерін тігуде, мемлекеттік тапсырысты орындаумен байланысты. Біз оны үлкен жауапкершілікпен атқарамыз. Сонымен қатар біздің тігіншілер де "Біз біргеміз!" акциясын қолдайды, дейді ол.
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 22:14
«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан
Қоғам • Бүгін, 21:38
Тазы асыраушы Президентке Наурыз есімді күшікті сыйға берді
Президент • Бүгін, 21:13
Рамазан айында қай автобустар тегін қатынайды?
Қоғам • Бүгін, 21:03
Тараздық полицейлер жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты
Оқиға • Бүгін, 20:24
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:05
Ұқсас жаңалықтар