"Бүгін сағат 16-14-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшесіне Алаш тас жолы 29/2 мекенжайынан шақырту түсті. Оқиға орнына барған кезде "Әмір" әмбебап базарында болжамды аумағы 300 шаршы метр болатын қойма ғимаратының шатыры өртеніп жатқаны анықталды", - деп атап өтеді ведомстводан.
Өрт сөндірушілер сағат 17-08-де жалынның бетін қайтарды. Қазіргі уақытта өртті толықтай сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру қызметінің 32 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылған.
"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп нақтылады департаменттен.