15 Қазан, 2013

Футбол. Босния – әлем чемпионатында!

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-10-13-futbol-bosnia-1

Қазір ғана Босния мен Герцоговинаның әлем чемпионатына жолдама алғаны белгілі болды. Ол соңғы матчта Литваның 1:0 етіп ұту арқылы осыған қол жеткізді. Бұл туралы «Лента.Ру» хабарлады. Босниялықтардың басты бәсекелесі – Грекия құрамасы бұл күні Лихтенштейнді 2:0 етіп жеңді. Нәтижесінде екі команда да 22 ұпайдан жинады. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша босниялықтар бірінші сатыға орналасты. Енді гректер әлем чемпионатына жолдама алу үшін плей-офф ойынына қатысады. Бұған дейін чемпионатқа Бельгия, Голландия, Германия, Италия, Швейцария және Ресей құрамалары жолдама алып қойған болатын. Руслан Игілік.
Соңғы жаңалықтар