Бүгінде Жамбыл аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің жергілікті полиция инспекторы болып қызмет атқаратын полиция аға лейтенанты Ержан Сексенбаев ішкі істер саласында 2015 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Әуелі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде қызмет еткен. Бала күнінен құқық қорғау саласына қызығушылық танытқан Ержан осыдан бес жыл бұрын ішкі істер органдарына қызмет ауыстырады.

Қазіргі кезде ол Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округіне жауапты маман. Сол ауылдың тәртібі мен тыныштығы соның мойнында. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өзінің азаматтық борышы санаған жас полицей бүгінде жемісті жұмыс атқарып жүр.
Ержан Сексенбаев – орын алған ауыр, аса ауыр қылмыстардың ізін суытпай ашу кезінде де өзінің біліктілігін көрсете білген азамат. Өткен жылы облыстың Жамбыл және Жуалы аудандарының шектесер тұсындағы «Күйік» тау бөктерінде адам өлімі болған еді. Қанды оқиғаның соңына түскен қырағы полицей көп ұзамай қарақшыны қолға түсірген. «Аталған тау бөктеріндегі шеңгел арасын аралап, күдіктіні ізін торуылдап жүріп ұстадық. Әрине, мұндайда өмірімізге қауіп төнетін кездер болады», дейді ол.
Сонымен қатар жоғалып кеткен әйелді күн-түн демей іздестіріп, ақыры аман-есен тауып, жақындарымен қауыштырған азаматтығы да ауылдықтардың есінде. Жалпы алғанда, ел іші мәселесіз болмайды. Ұрлық, төбелес, ішімдік ішу және тағы да басқа сан түрлі қылмыс пен келеңсіздіктің алдын алу да оңай шаруа емес. Мұндай жағдайлар көбінде тұрғындардың да ішкі мәдениетінің төмендігінен де болады. Ал осындай жағдайлардың бәріне жауап беру жалғыз адам үшін оңай болмасы анық. Сонымен қатар Қаратөбе ауылы бүгінде жаңа құрылыс алаңына айналғандықтан, мұнда пәтер ұрлығы да көп. «Бұл – қазіргі кездегі негізгі мәселе. Көптеген жағдайда жергілікті тұрғындар бір жаққа шыққан кезінде үйлерін де, заттарын да қараусыз тастап кетеді. Содан кейін әрине, ұрлық болады. Біз ауыл тұрғындарына осы мәселе төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жиі жүргіземіз. Одан соң, бүгінгі таңдағы тағы бір өзекті мәселе – отбасылық жанжалдың көбейіп бара жатқандығы. Бізге отбасылық жанжал мәселесі төңірегінде шақырту көп түседі», дейді Е.Сексенбаев.
Әрине, тәртіп сақшысының міндеті – қоғамдық тәртіпті қадағалау, қылмысты мейлінше болдырмау, болмаса оның алдын алу. Бұл ретте таңертең үйінен шығып, түннің бір уағында ғана үйіне оралатын Е.Сексенбаев өзіне артылған осынау міндетті жете түсінетінін айтады. Оның айтуынша, жастар ұрлық, ішімдік ішу, төбелесу сияқты түрлі деңгейдегі қылмыстардан осы кезден бастап аулақ болуы керек. Сол үшін күн сайын Қаратөбе ауылында түнгі сағат он бірден кейін жасөспірімдер арасында рейд жүргізіледі. «Бүгінде ауыл жастарының тәртібі жақсы. Егер көшеде түнде балаларды көріп қалсақ, олардың ата-аналарына да, өздеріне де ескерту жасаймыз. Себебі, баланың болашағы бүгінімен тікелей байланысты», дейді ол.
Бүгінде Жамбыл ауданының Қаратөбе ауылында полиция инспекторы болып қызмет атқарып жүрген Е.Сексенбаев Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Игілік ауылында дүниеге келіпті. Алайда жұмыс бабымен Жамбыл ауданына қоныс аударған. Аға лейтенант бүгінде мемлекеттің ішкі істер саласының қызметкерлеріне тиісті қолдау көрсетіп отырғанын да жеткізді. Ол отбасымен мемлекеттің жеңілдігінің нәтижесінде, Тараз қаласынан пәтер де алған екен. Енді ол өзі сияқты жас отбасыларға, мамандарға тиісті мүмкіндігін жасап отырған мемлекетке адал қызмет етуді басты міндетім деп санайды. Өзінің темірдей тәртібімен, жүйелі жұмысымен көзге түскен Ержан Сексенбаев өңірдегі ішкі істер саласындағы басшылардан да лайықты марапаттарын алыпты. Сондықтан бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған полицей елімізде ешқашан тәртіпсіздік пен құқықбұзушылық болмаса екен деп тілейді.
Жамбыл облысы
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Бүгін, 06:55
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Аймақтар • Бүгін, 06:48
Спорт • Бүгін, 06:47
Спорт • Бүгін, 06:46
Спорт • Бүгін, 06:44
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 06:43
Әдебиет • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:36
Руханият • Бүгін, 06:34
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар