Медицина • 14 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтанға 16 тонна дәрі-дәрмекпен тағы бір жүк ұшағы келді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанға тағы бір жүк ұшағымен коронавирус, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмек келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанға 16 тонна дәрі-дәрмекпен тағы бір жүк ұшағы келді

Бұл тауарлар гуманитарлық көмек емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алған. Үкімет пен Нұр-Сұлтан әкімдігі логистика, дәрі-дәрмектерді сатып алу мен импорттауды жеңілдетуде қолдау көрсетуде.

Сонымен қатар елорда әкімдігі дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін дистрибьюторларға айналым қаражатын бөледі. Осылайша, жүк ұшағымен екінші жеткiзілімде елордаға қосымша 16 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл – 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы. Келіп түскен тауарлардың тізіміне 400-ге жуық дәрі-дәрмек түрі бар.

Мысалы, ксарелто, парацетамол, офлоксацин, ибупрофен, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен және т.б. Еске салсақ, 12 шілдеде елордаға 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді.

Қазір Феникс, Гиппократ, Цветная, Максима Фарм, Частная, Медилаб, Салауат, А-Фарма және т.б. ірі дәріхана желілерін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Елорда дәріханаларына дәрі-дәрмектерді жеткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.