16 Қазан, 2013

Филиппиндегі жер сілкінісі жүзден аса адамның өмірін қиды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 10-Filippin zher silkinisiФилиппинде орын алған 7,1 баллдық жер сілкінісінен кем дегенде 107 адам қаза болып, 270-тен астамы жарақат алды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Құтқарушылар құлаған үйлердің қирандыларын жинастыруда.

Жер сілкінісінің эпицентрі Кармен әкімшілік орталығынан бірнеше шақырым қашықтықтағы Бохол аралы ауданында болған.

Табиғи апат салдарынан 12 мыңнан аса адам өз үйлерін тастап, қазіргі уақытта арнайы баспаналарда бас сауғалауға мәжбүр болып отыр.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар