"Менің бүкіл иммундық жүйем 11 күн бойы осы вируспен күресті. Қазір Аллаға рақмет! Денсаулығым орнына келіп жатыр", дейді Чингиз Айдарбеков.
Оның айтуынша, пандемияның ауыр кезеңінде Сыртқы істер министрлігінің жұмысы бір минутқа да тоқтамайды. Сондай-ақ дипломаттар тиімді шараларды қолданып жатқанып атап өтті.
Бүгінгі күні Қырғызстанда COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 11 538-ге дейін өсті. Оның 149-ы қайтыс болса, ауруханалардан 3569 науқас жазылып шықты.