Қазақстан • 14 Шілде, 2020

"Сіз Түрксіб тарихын білесіз бе?" виртуалды викторинасы бастау алды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Түркістан – Сібір магистралының 90 жылдық" мерейтойына арналған іс-шараларды жалғастыруда. Осыған орай "Сіз Түрксібті білесіз бе?" виртуалды викторинасы бастау алды, деп Egemen.kz хабарлайды. 

"Сіз Түрксіб тарихын білесіз бе?" виртуалды викторинасы бастау алды

Конкурс 2020 жылдың 13 пен 19 шілдесі аралығында өтеді. Викторина қатысушылары үшін жауаптарды өткізу мерзімі 2020 жылдың 24 шілдесі, ал 27 шілде мен 7 тамыз аралығында қорытындысы шығарылады және де жеңімпаздар марапталады. Қатысушылар әрқайсысына төрт жауап нұсқасы бар 25 сұраққа жауап беруі тиіс. 

Бонустар ретінде жеңімпаздар сыйлықтар алады. Сонымен, 1 орын үшін жеңімпаз 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін кез келген күнге Қазақстан Республикасының аумағы бойынша барып және кері қайтуға "Тальго" коммерциялық пойыздарының "Гранд" класты вагонымен жол жүруге 99% көлемінде жеңілдік алады, 2 орын үшін – "Бизнес" класты вагонымен жол жүруге 99% көлемінде жеңілдік, 3 орын үшін – "Турист" класты вагонымен жол жүруге 99% көлемінде жеңілдік. 

Ұйымдастырушы – Компанияның Техникалық орталығы өкілдерінің сөзіне қарағанда, аталған викторина Қазақстан темір жолдары тарихына сүйіспеншілік дағдысын сіңіруге көмектеседі, қатысушылардың еліміздің тарихы мен даңқты өткеніне деген қатыстылық сезімдерін қалыптастыруға қызмет етеді. 

Қатысу шартының толық сипаттамасымен компанияның корпоративтік сайтынан танысуға болады. 

Соңғы жаңалықтар