Аймақтар • 14 Шілде, 2020

Облыс мешіттері мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша жұртшылықпен байланыс бөлімінің өкілі Амантай Тойшыбайұлының мәліметінше, облыста 96 мешіт бар.

Облыс мешіттері мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

Бұл мешіттерде 300-ден астам адам бар болса,әр мешітте 3-4 адамнан тұратын имам, наиб имам, молда және ұстаз сияқты қызметкерлер қызмет жасауда.

- Індетке байланысты мешіт қызметкерлері көмекті көрсетуде. Барлық мешіттер 10 мыңнан астам  мұқтаж жандарды азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек сияқты қажетті заттармен қамтамасыз етуде.  Сондай-ақ, індетке қарсы құрбан шалынып, ет өнімдері мұқтаж адамдарға таратылуда, - дейді  Амантай Тойшыбайұлы.

        Ал, мешіттерде қайырымдылық көмек індет басталғалы жалғасуда. Көпбалалы анаға Майқайың кентінен 2 бөлмелі пәтер де берілді

Сонымен бірге, мешіт имамдары індеттен қайтыс болған адамдарды ақтық сапарға аттандыру рәсімін өткізуде.

Өкінішке орай, өңір мешіттері имамдарының да біразы ауырып, кейбіреуі ауруханаларда медициналық көмек алуда.

Амантай Тойшыбайұлы коронавирус құрбандарына арналған Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты облыстың имамдары бөлініп, отыз пара құранды аударғанын атап өтті.

Қаралы күнге орай өңірдің барлық мешіттерінде түскі бесін намазында арнайы дұға оқылды.

Павлодар облысы