Әлем • 14 Шілде, 2020

Белоруссияда Президент лауазымына үміткерлер анықталды

618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белоруссияның орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына қатысатын бес кандидатты тіркеді, деп жазады Egemen.kz

Белоруссияда Президент лауазымына үміткерлер анықталды

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Белоруссия президенті лауазымына күресті республиканың қазіргі басшысы Александр Лукашенко, экс-депутат Анна Канопацкая, "Говори правду" қозғалысының көшбасшысы Андрей Дмитриев, блогер Сергей Тихановскийдің жұбайы Светлана Тихановская, сондай-ақ "Белоруссиялық социал-демократиялық Грамада" партиясының төрағасы Сергей Черечень жалғастырады. Бұл ретте, қолдаушыларының жеткіліксіз болуына байланысты Президенттің экс-көмекшісі Валерия Цепкало, сондай-ақ бұрынғы Белгазпромбанктің басшысы Виктор Бабарикоға шет мемлекеттер мен ұйымдардың табысы және оның науқанын қаржыландырудағы көмегі туралы декларацияның сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, Белоруссия Президентінің сайлауы 9 тамызда өтеді. Президенттікке кандидаттарда сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін бір айдан аз уақыт болады. Бұл ретте соңғы айларда елде жаппай наразылық акциялары өтіп, 700-ден астам адам ұсталды. Олардың бір бөлігі әлі күнге дейін қамауда.